Алматының ғалымдары COVID-19-ға қарсы нановакцина ойлап тапты

0
762

Екпенің ерекшелігі оны мұрынға тамызады.


Алматының ғалымдары COVID-19-ға қарсы нановакцина ойлап тапты

иллюстрациялық фото

Алматы ғалымдары Covid-19-ға қарсы тұратын нановакцина ойлап тапты. Халықаралық вакцинология орталығының он шақты маманы дайындаған екпенің ерекшелігі оны мұрынға тамызады. Жақын уақытта вакцинаның қауіпілігі мен тиімділігін тексеру үшін оны жануарларға егу жұмыстары басталмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті қарамағынан биыл құрылған Вакцинология орталығы бұл істі Масғұт Айқынбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығымен бірігіп атқармақ.

Қайсар Табынов 17 жыл бойы онға жуық вакцина әзірлеуге қатысқан білікті жас маман. Ол өз тәжірибесінде доңыз, құс тұмауына қарсы екпе жасауға қатысып, екеуін мемлекеттік тіркеуге қойған. Covid-19-ға қарсы жаңа вакцинаның артықшылығы - ыңғайлы болмақ, дейді ғалым.

Екпеге ерте қол жеткізудің баламалы жолы АҚШ-тың Огайо және Австралияның "Вакцин" компаниясымен бірлесе жұмыс істеу.

"Қазіргі таңда Қазақстанда екі түрлі стратегия ұсынылуда: ең алдымен, вакцинаны өзіміз дайындау өзіміздің мемлекетімізді, халқымызды қамтамасыз ету. Бұл жақсы жол, бірақ ұзақ жол. Екінші жолышетелдік мамандармен бірлесіп консорциум құру арқылы бұл процесті жеделдету", дейді маман.

Вакцинаның өзі Халықаралық вакцинология орталығында жасалса, оны зерттеу Масғұт Айқынбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығымен жүргізіледі.

Орталықтағы мына электронды микроскоп арқылы біз вирусты көре аламыз. Бұл бірегей құрал вакцинаның бөлшектерін 500 мың есе үлкейтін көрсетуге мүмкіндік береді.

ҚР ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрынов коронавирус індетінің қауіптілігі сағат сайын өсетінін айтады.

"Бір ай бұрын ғылым академиясы мәлімдеме жасағанда, вакцина емес, дәрі дайындауымыз керек деп айтқанбыз. Барлық түрін қамтитын дәрі керек. Осыған қарсы дәрі осы жылдың соңында дайын болады", - дейді ол.