Алматының қақ ортасында BMW және КамАЗ көліктері қақтығысты (видео)

0
1 564

Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам жапа шеккен.


Алматының қақ ортасында BMW және КамАЗ көліктері қақтығысты (видео)

ERNUR.KZ. Сәрсенбі, мамырдың 22-не қараған түні, Алматыда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік қатысқан жол апаты болды, деп жазады Zakon.kz.

Мәлімет бойынша, КамАЗ автомашинасы Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Ол Жібек Жолы көшесінің қиылысында солға бұрылмақшы болады. Осы сәтте солтүстікке бағыт алған BMW автокөлігімен бетпе-бет қақтығыс орын алған. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі машина ішінде қысылып қалып, оны күл-талқаны шыққан көліктің ішінен шығарып алу үшін құтқарушыларды шақыртуға тура келді.

Алдын ала мәлімет бойынша, BMW-ның жүргізушісі мен жолаушысы жапа шегіп, олар ауыр халде аурухана төсегіне таңылған.

Жүк көлігін тізгіндеген жүргізушінің айтуынша, ол қарсы бағыттағы көліктерге бағдаршамның қызыл түсі жанған сәтте барып бұрылған екен. Оның сөзінше, BMW жоғары жылдамдықтпен жүйткіп келіп, жолдың оң жақ шетімен бағдаршамның қызыл түсіне өте шығыпты. Көліктің жүргізушісі де, жолаушысы да жас жігіттер екен.