Алматы орталығында монша өртенді

0
920

Өрт Алмалы ауданы Құсайынов көшесіндегі 2 ғимарат монша кешенінен шыққан.


Алматы орталығында монша өртенді

ERNUR.KZ. Алматыда монша кешені отқа оранды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңғы сағат 08.09-да Алмалы ауданы Құсайынов көшесіндегі 2 ғимарат монша кешені өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Өрт сөндірушілер келгенде монша отқа оранып жатқан. Жалын 900 шаршы метр аумақты алып жатқан монша кешенін түгел шарпып, әрі жапсарлас үйлерге таралу қаупі туды. Өрт 9:33-те сөндірілді. Қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты жарамсыз етті»,- деді қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметінен.

Өрттен ешкім зардап шекпеген.