Алматының орталығында оқ-дәрілер салынған рюкзак табылды

0
485

Бутикке жұмысқа келген құрылысшылар баспалдақ астынан жасыл рюкзак тауып алған.


Алматының орталығында оқ-дәрілер салынған рюкзак табылды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан сауда бутигінде оқ-дәрілер салынған рюкзак табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Полиция департаментінде хабарлағандай, бутикке жұмысқа келген құрылысшылар баспалдақ астынан жасыл рюкзак тауып алған.

«Аталған үй-жайдың артқы есігі бар. Жөндеу жұмыстары кезінде ол ашылды, мұнда көшеден еркін кіруге болады. Рюкзак заттарға толы болды десе болады. Полицейлер винтовкалар мен тегіс ұңғылы қаруларға арналған әртүрлі калибрлі бірнеше ондаған патрондарды тәркіледі.

Сондай-ақ, мұнда жоғары қабатта хостел орналасқан. Осында келген қонақтардың бірі рюкзактарды арнайы жасырған деп болжауға болады.

Бұл оқ-дәрілер табылғаннан кейін басталған тергеу барысында анық белгілі болады», - деді полиция департаментінде.