"Алматыжолзертханасы" басшысына 40 миллион теңге айыппұл салынды

0
863

Сот үкімі заңды күшіне енген күнінен бастап 1 жыл ішінде айыппұл төленуі тиіс.


ERNUR.KZ."Алматыжолзертханасы" РММ басшысы 2 миллион теңгеге пара алғаны үшін 40 миллион теңге айыппұл салынды, деп жазады tengrinews.kz.

"Кенжеғұл Сахи 2018 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін "Казахдорстрой" ЖШС директоры З. Дощановтан жол құрылысына материалдарды арзанырақ етіп өзгертуге келіскені үшін жалпы сомасы 2 миллион теңге пара алды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты", - делінген хабарламада.

Оған 12 маусымында Талдықорған қалалық сотының үкімімен 40 миллион теңге айыппұл салынды. Ал Дощановқа 30 миллион теңге. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген күнінен бастап 1 жыл ішінде айыппұл төленуі тиіс. Шарт орындалмаған жағдайда жаза бас бостандығынан айыру түріне ауысады.