Алтай тұрғыны бір ағаш кесіп 36 000 теңге төлейтін болды

0
1 376

Сол күннің ертеңінде жауапкершіліктен қорыққан әйел ағашты отқа жағып жіберген…


Алтай тұрғыны бір ағаш кесіп 36 000 теңге төлейтін болды

ERNUR.KZ. Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында орманнан шырша отаған Алтай ауданының тұрғыны үкіметке 36 000 теңге төлеуге мәжбүр болды, деп жазады altaynews.kz.

Қылмыстық іс Алтай аудандық сотында қаралған болатын. Орманның жалпы қорына кірмейтін, кесуге тиым салынған жалғыз ағашты отаған әйел айыпты деп танылды. Нәтижесінде ол үкіметке келтірген шығын есебінде 36 075 теңге айыппұл төлейді.

"Сол күннің ертеңінде жауапкершіліктен қорыққан әйел ағашты отқа жағып жіберген", – дейді сот баспасөз қызметі.

Аудан тұрғыны айыппұлдан бөлек 20 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады.