​Алтайды тегін аралағыңыз келсе инстаграмдағы байқауға қатысыңыз

0
1 146

Байқауға қабылдау 31 шілде 18:00 де аяқталатынын айта кетейік.


​Алтайды тегін аралағыңыз келсе инстаграмдағы байқауға қатысыңыз

ERNUR.KZ.Алтайды аралағыңыз келсе, «Қазақ туризмнің» инстаграм парақшасына жазылыңыз, деп жазады Алтайньюс.

Аталмыш акционерлік қоғам әлеуметтік желіде 5-10 тамыз аралығында Шығыс Қазақстанда «Алтай – өркениет бесігі» атты экспедиция өтетінін жария еткен болатын.

Шығысқазақстандықтарға тамаша мүмкіндік туды! Ұжыммен бірге бес күн бойы өңірдің керемет жерлеріне саяхаттағыңыз келсе, инстаграмдағы байқауға қатысыңыз.

Бар болғаны инстаграмдағы @travel.kazakhstan және @kazakhtourism_official парақшаларына жазылсаңыз жеткілікті. 18-55 жас аралығындағы талапкерлерге жол ашық. Жеңімпаз кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.

Экспедиция мүшелігіне өткен қатысушы ішер ас, жатар орын және көлікпен қамтамасыз етіледі.

Байқауға қабылдау 31 шілде 18:00 де аяқталатынын айта кетейік. Қорытындысын 2 тамызда көре аласыздар.