​Алтын адам экспонаты Бакуде

0
1 917

Әзербайжанның Ұлттық мұражайында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнердің туындылары» көрмесі ашылды. Дәл осы түркі әлемінің артефактісін әзербайжандықтар ұзақ күткен еді.


​Алтын адам экспонаты Бакуде

Алтын адам экспонаты Бакуде. Қазақстанның ұлттық мұражайы құнды жәдігерін Әзербайжанға әкелді деп хабарлайды 24.kz.

Дәл осы түркі әлемінің артефактісін әзербайжандықтар ұзақ күткен еді. Әзербайжанның Ұлттық мұражайында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнердің туындылары» көрмесі ашылды. Экспозиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Алтын адамның өзге елдерге таныстырылымы» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Енді тарихи көрмені кез келген тұрғын немесе қала қонақтары шілденің 1-іне дейін көре алады. Әзербайжан мәдениет орталығы бұл экспозицияға Ұлтық музей тарихындағы ең беделді көрме деген баға беріп отыр. Көрмеге Есік қорғанынан табылған біздің заманымызға дейінгі VII-ІІІ ғасырлардағы алтын бұйымдардың жиынтығы, XIX-XX ғасырлардағы 170-тен аса әйелдердің күміс әшекейі қойылған. Әзербайжан – осымен Алтын адамды паш еткен үшінші мемлекет. Бұдан кейін экспонат еуропалық қалаларға жол тартады.