Алтынкөл-жол кеден бекетінде қауіпті қалдықтарды алып өтпек болғандар ұсталды

0
542

Темір жол көлік құралдарын кедендік тексеріп-қарауды жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері декларацияланбаған тауарларды - пайдаланылған автокөлік шиналарын тапты.


Алтынкөл-жол кеден бекетінде қауіпті қалдықтарды алып өтпек болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысы аумағындағы «Алтынкөл-жол» кеден бекетінде пайдаланылған автомокөлік шиналарын заңсыз алып өту дерегі тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Темір жол көлік құралдарын кедендік тексеріп-қарауды жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері декларацияланбаған тауарларды - пайдаланылған автокөлік шиналарын тапты. Олардың жалпы саны - 3 365, салмағы - 29 267 кг. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының Тарифтік емес реттеу шаралары туралы шешіміне сәйкес, мұндай шиналарды Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы арқылы алып өтуге тыйым салынады», - делінген хабарламада.