Аналар слеті өтеді

0
1 549

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 20-21 қыркүйек күндері Ақтөбеде Аналар слеті өтеді.


Аналар слеті өтеді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 20-21 қыркүйек күндері Ақтөбеде Аналар слеті өтеді, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ауқымды шараға еліміздің дамуына өз үлестерін қосқан мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және спорт салаларында еңбек ететін 1200-ден астам өкіл қатысады.

Слетке қатысушылар үшін Ақтөбе қаласының мәдени және спорттық нысандарын аралау, сондай-ақ, үлкен іс-шараларға қатысулары қарастырылған екі күндік ауқымды бағдарлама дайындалды.

Дөңгелек үстел барысында слетқа келген арнайы өкілдер әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік рөлі мен мәртебесін арттырудың, демографиялық саясатты дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, қазіргі заманғы отбасы, ана мен бала мәселелерін талқылап, оларды шешудің нақты жолдарын талдай алады.

Аналар слетінде "Туған жерге тағзым" акциясы аясында меценаттар қаражатына салынған Қазақстандағы тұңғыш "Анаға тағзым" рухани-танымдық тәрбие орталығының ашылуы жоспарланған. Аталмыш жоба біздің әрқайсымыз үшін есімдері қасиетті барлық аналарға құрмет көрсетуге арналған. Қонақтар орталықтың экспозициялық залында Қазақстан тарихында маңызды рөл атқарған қазақ халқы әйелдерінің өмірі мен ерлік істері туралы таныса алады.

"Анаға тағзым" орталығында жастардың қазіргі қоғамда қажетті құндылықты бағдарларын дамытуға мүмкіндік беретін, өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбие жұмыстарын жүргізу, психологиялық кеңес беру, жалпы даму үшін қолданбалы өнер, сондай-ақ, музыкалық тәрбие, стилистика және дизайн, сонымен қатар, отбасылық тренинг кабинеттері және басқа да қызмет түрлері жұмыс жасайды.