"Аналар үйі" жобасының нәтижесі - ата-анасы бас тартқан бөбектер санының азаюы

0
2 960

Қордың негізгі міндеті - ата-аналардың туған баласын перзентханада тастап кету жағдайының алдын алу.


ERNUR.KZ. Қазақстанда соңғы бес жылда ата-анасы бас тартқан балалардың саны 70 пайызға азайған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Аналар үйі» жобасының басты нәтижесі - 2013 жылдан бері перзентханада туып, ата-анасы бас тартатын, осыдан кейін Балалар үйіне түсетін балалардың саны 68 пайызға азайды. Егер 2013 жылы бұл көрсеткіш 800 болса, қазіргі уақытта 310 болып отыр», - дейді «Аналар үйі» Қоғамдық қорының директоры Балия Әкімбекова.

Ол бұл көрсеткішке үкіметтік емес ұйымдардың арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

«Ата-анасы бас тартқан балалардың саны азайып келе жатқанын байқадық. Ең алдымен, жас аналарға отбасы болуға жетер бақыт жоқ екенін барынша насихаттағымыз келеді», - дейді ол.

Балия Әкімбекованың сөзіне қарағанда, қордың негізгі міндеті - ата-аналардың туған баласын перзентханада тастап кету жағдайының алдын алу.

«Дабыл түскеннен кейін біздің психологтар бірден сол анаға барып, жұмыс жүргізеді. Егер жас ана баласынан бәрібір бас тартатынын айтса, біз оларға «Аналар үйінде» тұрып, өз баласын аялап өсіруді ұсынамыз. Міне, дәл осы кезде ана ойлануы мүмкін. Ол баланы күнделікті күтіп-баққаннан кейін оған бауыр басып, жауапкершілікті сезінетін болады», - дейді ол.

«Аналар үйі» қорының директоры нақты қай санаттағы адамдар келіп жататынын айтып берді.

«Біз бұл ретте арнайы талдау жүргіздік. «Аналар үйіне» балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері, толық емес отбасында өскен, зорлық-зомбылыққа тап болған бойжеткендер келіп жатады», - дейді ол.