Анасы балаларын батпақ жолмен жүре алмағаны үшін далада қалдырып кеткен

0
1 170

Кішкене балалар жүре алмаған соң 8 жасар ұлын ертіп, 9-дағы қызы мен 4-тегі ұлын батпақты жерге тастап кеткен.


Анасы балаларын батпақ жолмен жүре алмағаны үшін далада қалдырып кеткен

ERNUR.KZ. 13 қаңтар күні түнгі 23.00 шамасында қауіпсіздік қызметіне, балаларын жоғалтқан әйел хабарласқан. Анасының сөзінше, 2010 және 2015 жылдары туған қыз бен бала жоғалып кеткен, деп жазады ktk.kz.

Полиция дереу іздеу жұмыстарын бастаған. Анықталғандай, сағат 19.00 шамасында, ол зауытқа таксимен келіп, әрі қарай жаяу жүруді жөн көрген. Кішкене балалар жүре алмаған соң 8 жасар ұлын ертіп, 9-дағы қызы мен 4-тегі ұлын батпақты жерге тастап кеткен.

Қайтып оралғанда ол қалдырып кеткен балаларын таппай полиция көмегіне жүгінген. Полицейлер балалардың шаршап, жыңғыл түбінде ұйықтап жатқан күйінде тапқан. Қатты тоңып қалған балаларға жедел жәрдем шақыртылған.

Наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес азаматшаның жеңіл дәрежедегі мастығы анықталды. Полицияның анықтауынша, 1981 жылы туған келіншек бұған дейін аналық міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, былтыр «жайсыз отбасылар» тізіміне алынған.