​Анасына тосынсый жасамақшы болған қыз жоғалып кетті

0
1 398

Астанада колледжде аспаз ісі бөлімінде оқитын 18 жастағы студент қыз жоғалып кетті.


​Анасына тосынсый жасамақшы болған қыз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Астанада колледжде аспаз ісі бөлімінде оқитын 18 жастағы студент қыз жоғалып кетті, деп жазады sn.kz.

Бойжеткен жатақханадағы көрші қыздарға Петропавлға үйіне баратынын айтқан. Ол анасына тосынсый жасамақшы болыпты.

«Саша Астанада колледжде оқиды. Анасы оған бірнеше күннен бері хабарласа алмай отыр. Жатақханадағы бірге жататын қыздардан сұраған. Сөйтсе, Саша оларға 29-на Петропавлға кететінін және анасына тосынсый жасайтынын айтыпты. Бұл жайында біз кеше ғана білдік. Колледждегі кураторы да Сашаның бірнеше күннен бері сабаққа келмегінін айтты. Біз қазір қатты уайымдап жатырмыз. Қызымызды күтіп отырмыз», – дейді Сашаның әпкесі Валентина.

Сондай-ақ, әйел вокзалдан Александра Сыздықованың атынан Петропавлға билет сатып алынбағанын айтады.