Аңға шыққан Төреғали Төрәліге қатысты тексеру басталды

0
2 276

Алматы облысының Полиция департаменті істің мән-жайын анықтап жатыр.


Аңға шыққан Төреғали Төрәліге қатысты тексеру басталды

ERNUR.KZ. Танымал әнші Төреғали Төрәлінің қарсаққа ұқсайтын аңды (өлі күйде) ұстап тұрған фотосуретіне қатысты тексеру жұмысы жүріп жатыр. Ол Instagram желісіндегі парақшасында фотосурет жариялап, аң аулап жүргенін жазған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алайда желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін айыптап, аңға қатыгездік жасамағаны үшін сынаған. Көп ұзамай Төреғали Төрәлі бұл фотсуретті парақшасынан өшіріп тастады. Алматы облысының Полиция департаменті істің мән-жайын анықтап жатыр.

«Тексеру шараларының нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес ықпал ету шаралары міндетті түрде қабылданатын болады. Сонымен қатар, құқықтық баға беріледі», - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.