Әнші Ғаділбек Жанай ұстаздарға кимешек кигізуді ұсынды

0
1 672

Бұл жолы ол қазақстандық ұстаздарға кимешек кигізуді ұсынды


Әнші Ғаділбек Жанай ұстаздарға кимешек кигізуді ұсынды

ERNUR.KZ. Танымал әнші Ғаділбек Жанай әлеуметтік желідегі парақшасында қолданушылар арасында сауалнама жүргізді. Бұл жолы ол қазақстандық ұстаздарға кимешек кигізуді ұсынды, деп жазады sputniknews.kz.

Әнші парақшасында бірнеше күннен бері желіде қызу талқыға түскен суретті бөлісті. Аталған суретте бойжеткен кимешек киіп отырады. Көпшілік бұл бойжеткен мектепте ұстаз болар деп топшылайды.

Желі қолданушыларының бірі ұстаздарға кимешек жарасады десе, екіншілері мұның жұмысқа ыңғайссыз екенін айтады. Ал суреттің тұсында "Біздің мұғалімдер осылай киініп оқушыларға білім үйретсе, берген ілімі де баланың бойына жұғымдырақ болар ма еді?" деп жазылған.

"Оқитын бала киімге қарамайды", "Мына киім өте ыңғайыссыз. Отыз бала отырған сынып ыстық болады. Мұғалім су терге түседі ғой", "Күннің ыстығында сіздерге кигізіп көру керек", "Дұрыс емес", "Әдемі, ұнайды. Солай болса екен деймін", "Мәселе киімде емес, білім сапасында", "Кимешек кигенге дұрыс қараймын", "Болашақ балаларымыз тәрбиелі, өнегелі, салауатты болар еді", "Тамаша болар еді. Жарайсыз" деп жазды желі қолданушылары.

Арасында ұлдар мен қыздарды бөліп оқытуды ұсынғандар да болды.

Ал Сіз оқырман мұндай ұсынысқа қалай қарайсыз?