Әншілер ойнатып жатқан лоторея қатаң бақылауда

0
662

Олар демеушілердің сатып әперген сыйлықтарын өздерінің инстаграмдағы жазылушылары арасында ойнатып жатыр.


Әншілер ойнатып жатқан лоторея қатаң бақылауда

ERNUR.KZ. Олар демеушілердің сатып әперген сыйлықтарын өздерінің инстаграмдағы жазылушылары арасында ойнатып жатыр. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Бұл туралы Мемлекеттік істер комитетінің Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олжас Отар «Желмая» жобасында айтты, деп жазады baq.kz.

"Ірі кәсіп иегері болсын, шағын кәсіп иесі болсын, кез келген табыс табу ықтималдығы бар жеке тұлғалар біздің қатаң бақылауымызда. Үлкен кәсіпорыннан бастап көшеде жеке көлігімен жолаушы тасып, қызмет көрсетіп жүрген тұлғалардың салық төлеуін әкімшілендіріп жатырмыз. Оған әртүрлі тетіктер бар. Мәселен, онлайн бақылау кассасын тіркеген соң тойханалардан 6 ай ішінде 28 млрд теңге артығымен түскен. Ол жердегі мәліметтің барлығы біздің орталыққа келіп түсіп отырады. Мысалы, сіз бір күнде бір ғана түбіртек бердіңіз немесе бермедіңіз. Соның барлығы көрініп тұрады", - дейді Олжас Отар.
Сонымен қатар, ол әншілер ойнатып жатқан лоторея да қатаң бақылауда екенін айтты.
"Олар демеушілердің сатып әперген сыйлықтарын өздерінің инстаграмдағы жазылушылары арасында ойнатып жатыр. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Біз сіздің ән айтып, немесе лоторея ойнатып пайда тапқаныңызға қарамаймыз. Тек тапқан пайдаңыздан салық төледіңіз бе, соны қадағалаймыз", - дейді ол.

Сонымен қатар, ол онлайн саудамен айналысатындардың салық төлеу мәселесіне де тоқталды.

"Егер олар электронды сауда-саттық бойынша тіркелген болса, жұмыс істей алады. Ол кісілер корпоратив салығы мен табыс салығынан босатылған. Қазір бұл салада 600-ден астам заңды кәсіпкер тіркелген. Кейбірі менің жеке кәсіпкерлігім бар, интернет саудамен айналыса берсем болады ғой деп ойлауы мүмкін, олай болмайды. Ол үшін арнайы тіркелу керек", - деді О.Отар.