Әншінің күйеуі мүгедек қызды зорлаған

0
993

Күдіктінің қызы айуандыққа барған әкесін ең қатал жазаға тартылуын сұрады.


Әншінің күйеуі мүгедек қызды зорлаған

Алматыда мүгедек қызды зорлап, көп ұзамай ұсталған қаныпезер, қорғансыз жанды бір аптаның ішінде бірнеше рет қорлаған . Бұл туралы «Немолчи» қорының жетекшісі Дина Смаилова мәлімдеді. Ал, соңғы рет көршісін 5 сағат бойы азаптаған. Азғыннан әрең қашып құтылған бойжеткен полицияға шағым түсірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алматылықтарды дүр сілкіндірген оқиға қарашаның 29 күні болған еді. 53 жастағы ер адам кембағал жанды гаражға сүйреп апарып, 5 сағат бойы азаптаған. Ол қызға айтқандарын істемесе «өлтіріп, көміп тайтаймын»- деп қорқытқан. Жәбірленуші тек бірнеше сағаттан кейін әрең қашып шығыпты. Жәбірленуші ауруханадан шыққан соң қарашаның 26 және 27 күндері де зорлағанын мәлімдеген.

«Зорлау әрекеті бірнеше рет болған. Зорлаған соң ол қызды қорқытып, есірткі затын беріп отырған. 29 қараша күні тіпті шектен шығып, зорлаумен қатар аяусыз ұрып-соққан. Соңғы күшін жинап үйіне қашып барған», - дейді "НЕМОЛЧИ.КZ" қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова.

Тұрмысқа шықпаған, 30 жастағы азаматшаға зорлық көрсеткен ер адам белгілі джаз әншісі Жанна Саттарованың күйеуі болып шықты. Марқұмның сіңілісі көзі тірісінде ол Жаннаны да талай мәрте соққыға жығып, азаптаған, дейді.

«Мен және туыстарымыз күйеуінен кетіп қалу туралы талай айтқанбыз. Ол онымен 20 жыл бойы тұрді. Оның өліміне де осы азамат кінәлі екенін ашық айта аламын», - дейді Жанна Саттарованың сіңілісі Гауһар Саттарова.

Күдіктіден туған қызы да бас тартып отыр. Айтуынша жәбірленген қызбен бірге өсіпті. Жақсы қарым-қатынаста болған. Ал ,әкесі жасынан жүйке аурууына шалдыққан екен. Араларында жиі ұрыс-керіс туындап, балаларына қауіп төнгендіктен бөлек шығып кетіпті.

«Бұл жағдай менің төбемнен жай түскендей әсер етті. Өйткені мұндай жағдайлар бұрын болған жоқ. Бірақ дәрісін ішпеген кезде барлығымыздың жынымызға тиетін. Мен оны кешіре алмаймын. Заң бойынша барлық баптар бойынша жауапқа тартылсын», - дейді күдіктінің қызы.

Қылмыстық іс "Адам зорлау" бабы бойынша қозғалып, күдікті қамауға алынған. Алайда қоғамдық ұйым өкілдері бұл бап бойынша 5 жылға дейін ғана жаза көзделгенін айтады. Егер осы баптың екінші тармағына ауыстырылса 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Аса ауыр қылмысқа барған азаматқа жаза да ауыр болу керек дейді.