Антикордың жалған қызметкері Нұрбол Кәрімов тағы ұсталды

0
719

Осы жолы антикордың жалған қызметкері Каспий теңізінің жағалауынан жер телімін беруді талап еткен.


Антикордың жалған қызметкері Нұрбол Кәрімов тағы ұсталды
ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрбол Кәрімовты тағы ұстады, деп жазады sputnik.kz.
Осы жолы антикордың жалған қызметкері Каспий теңізінің жағалауынан жер телімін беруді талап еткен.
Ресми мәліметке сәйкес, 19 мамырда Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан өз атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен Нұрбол Кәрімовтың заңсыз әрекетін әшкереледі.
25 жастағы ер адам ол жерде коммерциялық нысандары орналастырамын деген.
"Кәрімовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Сол күні ұсталған күдікті Ақтау қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Кәрімов бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары.
Кәрімовтың заңсыз әрекеттері бойынша 1424, +7-778-783-93-01 телефондарына хабарласуға болады.
Айта кетері, былтыр Нұрбол Кәрімов жалған құжаттарды жасағаны үшін жауапқа тартылған болатын. Сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкердің куәлігін қолдан жасап алды.
Әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, полицияны қалай қайтарғанын да көрсетті.
Былтыр Шымкент қаласының тұрғыны Қылмыстық кодекстің 385-бабы, 3-бөлігі (Көрiнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша жауапқа тартылған. Осы бапта 160 айлық есептiк көрсеткiшке (490 080 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасы қарастырылған.

Ал 2016 жылы полиция жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқанда Нұрбол Кәрімов өзін Тимур Құлыбаевтың туысы деп таныстырған. Бірақ тәртіп сақшылары оның кім екенін анықтады.