Антисептикалық құралдар оразаны бұза ма – ҚМДБ жауабы

0
1 267

Коронавирустан қорғану үшін антисептикалық құралдар мен спирт пайдаланылады.


Антисептикалық құралдар оразаны бұза ма – ҚМДБ жауабы

ERNUR.KZ. Антисептикалық құралдар оразаны бұзбайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен биылғы Рамазан айына қатысты мәліметтер бойынша баспасөз конференциясында айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Коронавирустан қорғану үшін антисептикалық құралдар мен спирт пайдаланылады. Ол оразаны бұзбайды. Бұл жай жағдай емес, төтенше жағдай. Мұндай кезде адам өзін қорғау үшін, денсаулығына зиян тигізбейтін заттарды қолдануын шариғатымыз қолдайды», - дейді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.