Апелляциялық сот "Яндекс.Таксиді" бұғаттау туралы шешімнің күшін жойды

0
493

Алматы прокуратурасы 100 мың такси жүргізушісінің жұмыссыз қалуына байланысты апелляцияға бергендерін хабарлады.


Апелляциялық сот

ERNUR.KZ. Апелляциялық сот Қазақстандағы "Яндекс.Таксиді" бұғаттау туралы шешімнің күшін жойды, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы прокуратурасы 100 мың такси жүргізушісінің жұмыссыз қалуына байланысты апелляцияға бергендерін хабарлады.

"Бүгін апелляциялық сатыдағы сот алқасы істі қайта қарап, прокурордың апелляциялық өтініші бойынша сот шешімін жойып, G-taxi ЖШС талаптарын негізсіз деп танып, жаңа шешім шығарды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Бұған дейін Finance.kz Telegram-арнасында Қазақстанда сот "Яндекс.Такси" қызметіне тыйым салып, ел аумағында қосымшаны бұғаттау туралы шешім жасағаны туралы хабарланған.

Кейін "Яндекс.Такси" баспасөз қызметінің өкілі Ася Мелкумова бұғаттау туралы ақпаратты жоққа шығарды.