Apple компаниясы желідегі парақшасында қазақ баласының суретін жариялады

0
1 912

Дарханның өзі бұл жағдайға қатты қуанғанын жасырмады.


Apple компаниясы желідегі парақшасында қазақ баласының суретін жариялады

ERNUR.KZ. Apple компаниясы Instagram желісінде елордадағы саябақта орналасқан субұрқақта ойнап жүрген баланың фотосуретін жариялады. Суретті қазақстандық фотосуретші Нұр-Сұлтан қаласында түсірген, деп жазады Stan.kz.

Суретте субұрқақтың ортасындағы үлкен тостағанның орта тұсына қарай шығып бара жатыр. Оны фотосуретші Дархан Жағыпаров суретке түсіріп алған екен. Apple компаниясы аталған фотосуертті ұнатып қалып, оны өз парақшасында жариялау үшін, Дарханнан рұқсат сұраған.

«Бұл фотосуретке ғашық болып қалдық. Ол біздің парақшамыздың керемет бөлігі болар еді», - деп жазған компаниядағылар.

Дарханның өзі бұл жағдайға қатты қуанғанын жасырмады.

«Бүгін өзімді ерекше сезінуме мүмкіндік бергендеріңіз үшін алғыс білдіремін», - деп жазды фотосуретші.

Сурет елорданың атауы өзгертілгенге дейін жарияланғандықтан, онда «Астана» геобелгісі көрсетілген.