Апта басында Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады

0
1 183

Республиканың кей жердерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.


Апта басында Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады

ERNUR.KZ. Синоптиктер 27 мамыр күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп жазады Zakon.kz.

Республиканың басым бөлігі қысымы жоғары ауаның әсерінде болады. Ауа-райының басым бөлігі жауын-шашынсыз, тек атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты батыста тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде күшті жаңбыр жауады. Республиканың кей жердерінде найзағай түсіп, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл болады.

Түркістан, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 3 градус аяз, Шығыс Қазақстан облысында 1-6 градус аяз сақталады.

Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі бар.