Апта соңында еліміздің солтүстігінде жауын-шашын болады – Қазгидромет

0
503

1-3 қазанға арналған ауа райы болжамы.


Апта соңында еліміздің солтүстігінде жауын-шашын болады – Қазгидромет

"Қазгидромет" орталығы мамандарының болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінің ауа райына Солтүстік-Батыс циклоны әсер ететін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, көбінесе жаңбыр түрінде.

Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.