Әр балаға 20 мың теңгеден беріп отыру мүмкін бе? Қаржы министрі жауап берді

0
2 830

Астана балалар үйінің экс-директоры Динара Закиева көпбалалы отбасыларды қолдау үшін асырап алушылардың тәжірибесін қолдануды ұсынған.


Әр балаға 20 мың теңгеден беріп отыру мүмкін бе? Қаржы министрі жауап берді

ERNUR.KZ. Қазақстанда көпбалалы отбасыларды қолдау туралы және балаға қарау жасын ұлғайту мен жәрдемақыларды көтеру жайлы талқыланып жатыр, деп жазады тengrinews.kz.

Үкіметтің баспасөз мәслихатда журналистер министрге көпбалалы аналарға, яғни әрбір балаға берілетін жәрдемақыны 20 мың теңгеге дейін көтеру туралы көпшіліктің ұсынысын жеткізді.

"Бұл сұрақты жұмыс тобы қарастырып жатыр. Брінішіден, балаға жәрдемақы берілетін жасты ұзарту, яғни бір жастан жоғарылату. Екіншісі жәрдемақының өзін көтеру мәселесі. Қажетті ұсыныстарды енгіземіз. Бұл әбден мүмкін және оны қарастырамыз" - деді Смайылов.

Министр нақты сандарды айтудан бас тартты, себебі шешім әлі қабылданған жоқ.

"Бұл мәселе қарастырылып жатыр. Бүгін бір санды айтсақ, ертең ол өзгеруі мүмкін. Мұның жөн болмас", - деді ол.

Айта кетейік, Астана балалар үйінің экс-директоры Динара Закиева көпбалалы отбасыларды қолдау үшін асырап алушылардың тәжірибесін қолдануды ұсынған. Ол дегеніміз - әрбір балаға жәрдемақыны 10-20 АЕК көтеруді ұсынды. Ол 25 пен 50 мың теңге аралығында.

"Бес-алты балаға 20 АЕК берілсе, ол төленетін орташа айлықпен тепе-тең, жәрдемақы осындай болса аналардың жұмысқа шықпауына болады", - деді Закиева "Нұр Отан" партиясының республикалық балаларды қорғау кеңесінде.