​«Қарағанды аруы - 2015»-тің үстінен қылмыстық іс қозғалды

0
1 058

«Қарағанды аруы - 2015» байқауының жеңімпазы атанған бойжеткен Рената Нұрғазинаның үстінен полиция қызметкерінің ар-ожданына тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​«Қарағанды аруы - 2015»-тің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Қарағанды аруы - 2015» байқауының жеңімпазы атанған бойжеткен Рената Нұрғазинаның үстінен полиция қызметкерінің ар-ожданына тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Liter.kz-ке сілтеме жасап.

21 жасар бойжеткен мінген көлікті жол ережесін бұзғаны үшін жол-патрульдік полиция экипажы тоқтатқан. Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін хаттама толтырмақ болған полиция қызметкерін экс-мисс видеоға түсіріп, ғайбат сөздер айтқан және ол бейнежазбаны өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялаған.

Р.Нұрғазинаның жазылушыларының бірі бұл бейнежазбаны ІІД-не жолдаған. Бейнежазбаны зерттеген полиция арудың әрекетінен қылмыстың нышанын анықтаған.

Бұл іс бойынша Қарағанды облысының ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын айтты.