Аралда сора егілген алқап табылды

0
1 539

Күдікті ретінде Қызылорда қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталды.


Аралда сора егілген алқап табылды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында Арал ауданында аса ірі мөлшерде сора өсімдігін өсірген тұрғын қолға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Сора егілген аймақ Арал ауданына қарасты Жіңішкеқұм елді мекенінен шығыс бетке қарай 30 шақырым жерде болған. Есірткі алқабын Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген «Көкнәр-2019» іс-шарасы барысында анықталды. Кейін күдікті ретінде Қызылорда қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы қызметкерлері 1 507 түп тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөпті тәркіледі. Оның жалпы салмағы 252 келі. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3 -тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.