Әрбір министрлік 20 мың грант бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс

0
1 237

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жол картасына орай баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Әрбір министрлік 20 мың грант бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс

фото: inform.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жол картасына орай баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол картасы бойынша қосымша оқу гранттарына қатысты ұсыныстарымыз тиісті қаулы жобасы ретінде министрліктерге, «Атамекен» ҰКП-ге және жоғары оқу орындарына жіберілді. Енді олардың ұсыныстарын күтіп отырмыз. Сол жобаға сәйкес 11 мың грант техникалық мамандыққа, 5 мың грант басқа мамандықтарға, 3 мың грант магистратураға және 1 мың PhD бағыттарына бөлінді», - деді министр. Осы ретте ол Ұлттық бірыңғай тестілеуге уақыттың аз қалғанын айтып, қай мамандыққа қанша грант бөлінетіндігін, қай мамандыққа бәсекелестік басым екендігін білу маңызды екендігін баса айтты. «Біздің ойымызша, осы гранттардың саны мамандық бойынша алдын ала барлық министрлікпен келісіп, жоба ретінде бір айдың ішінде жариялануы қажет. Халық мұны күтіп отыр. Сосын бюджеттік процестер бюджеттік заңға өзгерістер, нормативтік актілер, оның бәрі тиісті уақытымен болады. Сонымен әр министрлік осы 20 мың грант туралы нақты ұсынысты 1 жетінің ішінде тапсыруы қажет. Сондай тапсырма беруіңізді сұраймыз», - деді Ерлан Сағадиев Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа қарата.