Армения президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан кеңес сұрады

0
1 223

Нұрсұлтан Назарбаев достас Армения халқына бейбіт өмір мен тыныштық тілеп, барлық мүдделі тараптың туындаған саяси дағдарысты Армения Конституциясына сәйкес және заң үстемдігі негізінде диалог арқылы шешуінің маңызды екенін атап өтті.


Армения президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан кеңес сұрады

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуал жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев достас Армения халқына бейбіт өмір мен тыныштық тілеп, барлық мүдделі тараптың туындаған саяси дағдарысты Армения Конституциясына сәйкес және заң үстемдігі негізінде диалог арқылы шешуінің маңызды екенін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.