Арнайы прокурорлар ШҚО-дағы түзеу мекемесінде азаптауды қолданудың дәлелдерін анықтады

0
332

Қадағалау органы тергеудің заңсыз әдістері мен сотталғандарға қатыгездік көрсеткені үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартуға қол жеткізуде.


Арнайы прокурорлар ШҚО-дағы түзеу мекемесінде азаптауды қолданудың дәлелдерін анықтады

ERNUR.KZ. Биыл ақпан айында Бас Прокурордың наразылығы бойынша Жоғарғы Сот Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жедел уәкілі болып табылатын полиция қызметкері М.-ға қатысты Шығыс Қазақстан облысы облыстық сотының апелляциялық сатысының ақтау үкімінің күшін жойды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұған дейін ол жүйелі азаптауды ұйымдастырғаны үшін бірінші сатыдағы сотпен сотталып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған.

«Тергеу барысында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары мекемедегі бұрыңғы полиция басшылығымен қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға азаптау қолданылғаны туралы нақты дәлелдер тапты. Атап айтқанда, полиция қызметкері М. өзіне тәуелді жағдайлардағыларға басқа сотталғандарға азаптауды қолдануға нұсқау бергені анықталды. Сотталғандарды жазаны өтеу режимінің бұзылуына жатпайтын бұзушылықтар үшін жазалаған. Мысалы, сотталған адам жеткілікті қырынбағаны үшін немесе мекеме қызметкерлерінің аты мен әкесінің атын ұмытып кетсе. Бүкіл азаптау процесі бейнекамераға жазылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бұрынғы полиция қызметкері М. азаптауды ұйымдастырушы ретінде сотталды.

Мұндай фактілерді анықтау жұмыстары жалғасуда.