«Арселор Миттал Теміртауда» тағы да апат болды

0
823

Зардап шеккендер бар.


«Арселор Миттал Теміртауда» тағы да апат болды

ERNUR.KZ. 4 қыркүйек күні сағат 8.00-де «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның конвертерлік цехында апат болып, төрт металлург зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz.

Газ шығаратын жолды жөндеуде №3 конвертерде жарылыс болып, бу, ыстық ауа шашыраған. Ресми хабарлау бойынша, зардап шегушілер төртеу.

Зардап шегушілердің барлығы Қазақстан азаматтары.

Апат болғанына бір күннен артық уақыт өтсе де, кәсіпорынның баспасөз қызметі баспасөз хабарламасын тек 5 қыркүйек күні ғана жариялаған.

Еске салар болсақ, кәсіпорын тарихындағы ең ірі апат осыдан бір жыл бұрын 2018 жылы 10 қарашада болған. Сол кезде газқұбыры жарылып, оның жарықшақтары 200 метрге дейін ұшып, цехтағы бетонды қабырға жарылған болатын.