"АрселорМиттал" өкілдерімен кездесуге экобелсенділер құлағына кеспе іліп келді

0
469

Кездесуге келген Дмитрий Калмыков құлағына кеспені іліп алып, одан кейін сөз сөйлеген.


ERNUR.KZ. Осылайша, экология саласының белсенділері компанияның жауапсыздығына наразылығын білдірді, деп жазады ulysmedia.kz.

Кездесуге келген Дмитрий Калмыков құлағына кеспені іліп алып, одан кейін сөз сөйлеген. Журналист Әуренбек Бағдәулетұлының жазуынша, ол компанияның ылғи жалған сөйлейтінін сынаған.

«Қазан айында зиянды қалдықтар көлемі 247 мың тоннаға артады дегенсіңдер. Енді бүгін қалдықтарды 20 процентке төмендеттік деп бөсіп отырсыңдар. Бұл ақылға қонымсыз. Жалпы компания өкілдері ылғи да жалған сөйлейді. Қысқасы құлаққа кеспе ілгеннің қас шеберісіңдер. Мамандармен кішкене ашылып жұмыс істеп, әрекетке көшсеңдерші. Керек болса бар кемшіліктеріңді көзге шұқып тұрып көрсетіп береміз ғой...» - деді ол.