«АрселорМиттал Теміртаудың» 350-ге жуық кеншісі эвакуацияланды

0
2 555

Қазіргі таңда мамандар апаттың шығу себебі анықтап жатыр.


«АрселорМиттал Теміртаудың» 350-ге жуық кеншісі эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында «Саран» шахтасынан өрт шығып, 348 кенші қауіпсіз жерге көшірілді, деп жазады inbusiness.kz.

«2021 жылдың 12 наурызда үшінші ауысымда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі «Саран» шахтасында көлбеу конвейерлік квершлагта өрт шықты. Шахтадағы 348 жұмысшы жер бетіне шығарылды. Апатты жою жоспары жүзеге асырылды», - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда мамандар апаттың шығу себебі анықтап жатыр. Күні кеше ғана «АрселорМитталТеміртауға» тиесілі жылу орталығында төтенше жағдай орын алып, екі жұмысшы жарақат алған еді.