Арсеналдар мен қоймалардың аумақтарында құрылыс нысандарын салуға тыйым салынады

0
860

Арсеналдар, базалар мен қоймалардың аумақтарында ғимарат пен құрылыс нысанын салуға, өзге де қызметті жүргізуге, ұшу аппараттарын пайдалануға тыйым салу қарастырылуда.


Арсеналдар мен қоймалардың аумақтарында құрылыс нысандарын салуға тыйым салынады

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Парламент депутаттары әзірлеген заң жобасында Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар арсеналдарының, базалар мен қоймалардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі заңнаманы жетілдіру, оқ-дәрілерді сақтау кезінде төтенше жағдай туындаған сәтте халықты, азаматтық және басқа инфрақұрылымды қорғау көзделеді», - деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасында арсеналдардың, базалар мен қоймалардың аумақтарында ғимарат пен құрылыс нысанын салуға, оларды пайдалануға тікелей байланысты емес шаруашылық және өзге де қызметті жүргізуге, ұшу аппараттарын пайдалануға тыйым салуды енгізу қарастырылған. Сондай-ақ көрсетілген заң бұзушылық үшін әкімшілік айыппұлдарды қолдану жағдайы кеңейтіледі.

«Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», - деп нақтылады М. Ерман.