«Artsport» бағдарламасына қосымша қаржы бөлінді

0
544

Тегін спорт секцияларына баратын жеткіншектердің саны артады.


«Artsport» бағдарламасына қосымша қаржы бөлінді

ERNUR.KZ. Ертіс өңірінде «Artsport» бағдарламасын жүзеге асыруға қосымша 170 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп жазады baq.kz.

Осылайша, тегін спорт секцияларына баратын жеткіншектердің саны артады. Еске сала кетейік, жан басына қаржыландыру бағдарламасы үш жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, бүгінде бағдарлама бойынша 10 мыңға жуық бала спортпен айналысады. Десе де, кезек күтіп жүргендер баршылық.

Биыл жан басына қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға 2 млрд 118 млн теңге бөлінген. Өткен жылғы қаржы 1 млрд 850 млн теңге көлемінде болды. Оның ішінде 350 млн теңге резервтен бөлінді. Наурыз айында қаржыны нақтылау барысында қосымша ақша бөлінді. Себебі, сұраныс өте жоғары. Биыл бағдарлама шеңберінде спортпен шұғылданушылар саны екі мыңға көбейді, - дейді Нұрлан Есембаев.

Мамандардың айтуынша, «Artsport» бағдарламасы бойынша жоғары сұранысқа ие спорт түрі – футбол.

Айта кетейік, өңірде өткен жылы 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру және спортты дамыту концепциясы қабылданды. Басты мақсат – бұқаралық, инклюзивті, балалар спортын дамыту.

Кешенді жоспар аясында 40-қа жоба жүзеге асырылған. Бюджеттен 48 млрд теңге бөлінбек. Нәтижесінде алдағы екі жылда облыс тұрғындарының тең жартысы спортпен жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Сонымен қатар, 200-ден астам жаңа нысан пайдалануға беріледі.