Артық қыламын деп... Семейде өзендегі мұзды жару кезінде көпқабатты үйлердің терезесі шағылып кетті (видео)

0
1 436

Төтеншеліктердің жұмысы салдарынан Ертіс өзеніне жақын орналасқан көпқабатты үйлердің терезелері жарылыс толқыны әсерінен шағылып кетті. Ал, өңірлік төтенше жағдай жөніндегі қызмет тұрғындарға жарылыс жұмыстары жайлы ескертпеген.


Артық қыламын деп... Семейде өзендегі мұзды жару кезінде көпқабатты үйлердің терезесі шағылып кетті (видео)

Әлеуметтік жеріле мұзды жару кезінде түсірілген видео пайда болды. Бейнежазбаны желіге салған "Хороший Папа" деген қолданушының сөзінше, бұл Ертіс өзеніндегі мұзды жару жұмыстары.

Төтеншеліктердің жұмысы салдарынан Ертіс өзеніне жақын орналасқан көпқабатты үйлердің терезелері жарылыс толқыны әсерінен шағылып кетті. Ал, өңірлік төтенше жағдай жөніндегі қызмет тұрғындарға жарылыс жұмыстары жайлы ескертпеген.

Осы бейнероликке пікір қалдырған Aidos Janatkhanovich есімді желі қолданушысының айтуынша, жарылыс жұмыстарын жүргізудің алдында жарылыс толқынының зардабын болдырмау үшін құзырлы мекеме жақын маңдағы тұрғындарға үйдегі барлық терезелерді ашып қоюды және үйден белгілі бір уақытқа шыға тұруды ескертуі тиіс екен.

видео желіден алынды