​Қару-жарақ көрмесінде адам қайтыс болды

0
1 126

ERNUR.KZ.KADEХ-2018 халықаралық көрмесінде ақпараттық стенд құлаған кезде жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды.


​Қару-жарақ көрмесінде адам қайтыс болды

фото novosti33.ru

ERNUR.KZ.KADEХ-2018 халықаралық көрмесінде ақпараттық стенд құлаған кезде жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі атап өткендей, зардап шеккен азаматқа көрмеде кезекшілікте болған жедел жәрдем бригадасы дер кезінде медициналық көмек берген.

"Кейін зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға апара жатқанда есін білетін, жағдайы бір қалыпты болды. Алайда медициналық мекемеде хәлі күрт нашарлап, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады", - делінген хабарламада.

Ведомство атап өткендей, құлаған жарнама конструкциясын "Астана Экспо КС" ЖШС компаниясы жалдаған мердігер орнатыпты.

Қазір оқиғаға қатысты Астана ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Тергеу ҚР ҚК 306-бабы бойынша (қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсету) жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті шаралар қолданылады", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.

Қаза тапқан ер адамның отбасына қажетті жәрдем көрсетіледі.

Министрлік марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.