Арыс арқылы пойыздар қозғалысы ашылды

0
1 054

Арыс стансасы – Түркістан мен Шымкент бағытындағы маңызды торап.


Арыс арқылы пойыздар қозғалысы ашылды

ERNUR.KZ. Бүгін сағат 12:00-ден кейін Сарыағаш-Арыс учаскесінде Шымкент-Арыс және Арыс-Түркістан бағытында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның сервис жөніндегі департаментінің директоры Әлібек Сұлтанов айтты.

- 24 маусым күні төтенше жағдай орын алды. "Жолаушылар тасымалы" осы жағдайдың құрбаны болып қалды. Үш күн бойы үлкен жұмыстар жасалды, өйткені Арыс стансасы – Түркістан мен Шымкент бағытындағы маңызды торап. Қозғалыс тоқтатылған болатын. Сол себепті жолаушылар тасымалын қалпына келтіруге қажетті барлық шаралар жасалды, - деді ол.

Пойыздардың қозғалысы бүгін ашылды.

- Бүгін сағат 12:00-ден кейін Сарыағаш-Арыс учаскесінде Шымкент-Арыс және Арыс-Түркістан бағытында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Енді қозғалыс кестесін реттеудеміз, - деді Сұлтанов.