​Арыс және Шымкент тұрғындарына материалдық көмек жинайтын екі пункт ашылды

0
1 472

Сонымен қатар, ақша аудару үшін арнайы шоттар ашылды.


​Арыс және Шымкент тұрғындарына материалдық көмек жинайтын екі пункт ашылды

фото: иллюстрациялық

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, Арыс және Шымкент тұрғындарына материалдық көмек жинайтын екі пункт анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған пункттер Түркістан қаласында А.Яссауи атындағы Қазақстан-Түрік Халықаралық университеті (материалдық көмек құралдарын жеткізудің барлық мәселелері бойынша 87017702427 - университет кәсіподақ комитетінің төрағасы Алтынбек Кенжалиев), Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (үйлестірушінің телефоны - 87773963052, Қайрат Еңбекшиев).

ҚР БҒМ-де жарылыстан зардап шеккен Арыстың тұрғындарына көмек көрсетуге ниет білдірушілер көп, ұйымдасқан жиын үшін гуманитарлық көмек көрсету үшін осы орталықтандырылған пункттерді ашу туралы шешім қабылданды.

Бірінші қажеттілік тауарлары (дәрі-дәрмектер, гигиена құралдары, киім-кешек және т.б.) белсенді түрде келіп түсе бастады. Олардың барлығы орталықтандырылған және бірқалыпты үлестіріледі, одан кейін еріктілер зардап шегушілерге жедел түрде жөнелтеді. Сонымен қатар, ақша аудару үшін арнайы шоттар ашылды.