Арыста жүздеген адам қаза тапты деген ер адам қазақстандықтардан кешірім сұрады (видео)

0
1 211

Алмасхан Шиилинов есімді азамат видео үндеу жасады.


Арыста жүздеген адам қаза тапты деген ер адам қазақстандықтардан кешірім сұрады (видео)

ERNUR.KZ. Арыста жүздеген адам қайтыс болды деп мәлімдеген ер адам қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Алмасхан Шиилинов есімді ер адам Қазақстан тұрғындарына видео үндеу жасады.

"Мен 150 әскери және 100 жергілікті тұрғын қаза тапты деген жалған ақпарат таратқаным үшін қазақстандықтардың алдында кешірім сұраймын. Қазақстан халқы мен Арыс тұрғындары алдында адамдарды себепсіз мазалап, қорқытқаным үшін кешірім сұраймын", - деді ол.


Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адам қаза тапқандардың саны көп екенін айтқан ролик тараған.