Арыстағы үйлер қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі - Асқар Мамин

0
1 111

Бұл туралы Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында айтты.


Арыстағы үйлер қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі - Асқар Мамин

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыстағы жарылыс салдарынан көз жұмғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, қаладағы тұрғын үйлерге келтірілген залалды анықтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, комиссия Арыс қаласындағы тұрғын үйлерге, әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарға залалды анықтайды. Тиісті шешімдер қабылданып, қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі. Үкімет тарапынан қажетті шаралар атқарылатын болады. Бүкіл ел қиындықты еңсеруге атсалысуда. Осы ретте «Nur Otan» партиясы Арыс қаласына көмек көрсету мақсатында қаражат жинау бастамасын қолға алды», деді Асқар Мамин.