Арыстағы жарылыс: 165 адам медициналық көмекке жүгінген

0
1 214

Бұл ​2019 жылғы 25 маусымдағы сағат 7.00-дегі дейінгі ресми мәлімет.


Арыстағы жарылыс: 165 адам медициналық көмекке жүгінген

Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасынан және Шымкент қаласының аймақтық санитарлық авиация бөлімшесінен алынған ақпаратқа бойынша барлығы 165 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Медициналық көмекке жүгінген 76 адам көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, 89 пациент стационарлық емдеуге жатқызылды
Емдеуге жатқызылған пациенттердің ішінен 18 бала, 13 жүкті, 5 босанған әйел.

Шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында Арыс қаласының, Ордабасы ауданының, Түркістан, Кентау және Шымкент қалаларының 22 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылған.

Жақын облыстарда (Жамбыл және Қызылорда облыстары) 16 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылған және толық дайындықта.

Қажет болған жағдайда жедел тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында борттағы медициналық жабдықтармен және ұтқыр бригадамен жабдықталған 2 санитарлық авиация тікұшағы дайын.

Санитарлық авиация желісі бойынша пациенттерге консультациялық көмек көрсету үшін құрамында реаниматологтар, травматологтар, камбустиологтар, балалар реаниматологтары және нейрохирургтер бар 2 мультидисциплинарлық бригада Алматы қаласынан Шымкент қаласына жіберілді. Қазіргі уақытта мамандар он бір пациентке консультациялық көмек көрсетті, бір пациентке сол жерде операция жасалды.

Сонымен қатар, орталық аудандық ауруханаларға (Отырар, Ордабасы және Сарыағаш аудандары) камбустиолог-дәрігерлер, нейрохирургтер, реаниматологтар және неврологтар медициналық көмек көрсету үшін жіберілді. Мамандар зардап шеккен үш пациентке консультациялық көмек көрсетті
Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының және Шымкент қаласының аймақтық санитарлық авиация бөлімшесінің мәліметтеріне сәйкес, 89 пациент медициналық көмекке жүгінді және емделуге жатқызылды (Шымкент қаласынан 52 адам, Түркістан облысынан 37 адам).

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар ТЖ нәтижесінде зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсету үшін барлық күш-жігерін жұмсауда.