Арыстағы жарылыс: Әскери бөлім басшысы мен оның орынбасары ұсталды

0
770

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.


Арыстағы жарылыс: Әскери бөлім басшысы мен оның орынбасары ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы Арыс қаласындағы Арсеналдағы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары - Артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау базасының бастығы ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Олар ҚР Қылмыстық кодекстің 462-бабының 3-бөлігінде (жарылғыш заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу), 453-бабының 2-бөлігінде (ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікке ілінген", - делінген хабарламада.

23 тамыз күні Түркістан облысы Арыс аудандық соты ұсталған азаматтарға қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.