"Ас үй табасымен ұрып өлтірген": Талдықорғанда әкесіне қол жұмсаған 18 жастағы жігіт ұсталды

0
512

Жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған.


ERNUR.KZ. 6 ақпан күні Талдықорғанда Көктал шағын ауданында 18 жастағы жігіт өз әкесін ас үй табасымен ұрып өлтірген, деп жазады stan.kz.

Полиция деректерінше Көктал шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған.

“Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы ас үй табасымен әкесін ұрып өлтірген.

ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді”,- деп жазды ведомство.

Қазір іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.