Аша Матай «Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

0
3 374

Әнші бұл төсбелгіні өзінің алып жүрген марапаттарының ішіндегі ең құндысы деп санайтынын атап өтті.


Аша Матай «Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

фото ғаламтордан: ашықдереккөзден

Атышулы бағдарламаның тележүргізуші, әнші, актриса Аша Матай "Матай Бөрібай батыр" медалімен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Аша Матай өзінің Іnstagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Өзімнің инстаДОСтарыма қуанышты жаңалығымды жеткізгім келеді. Мен «Матай Бөрібай батыр» төсбелгісімен яғни медалімен марапатталдым. Куәлігінде «Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» деп жазылыпты. Осы ретте, азғантай қосқан үлесімді жоғары бағалағандарыңыз үшін “Матай Бөрібай батыр” қорының ұйымдасыру алқасына алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін осы төсбелгі, менің алып жүрген марапаттарымның ішіндегі ең қымбаттысы деп қабылдадым. Айтпақшы, медальдың арты біздің бөрі таңбамыз!", - деп жазады Аша Матай.

Аша Матайдың шын есімі — Ақбота Маратқызы Аскарбекова. Аша Матай 1988 жылы Алматыда дүниге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. HitTV музыка арнасының VJ-і болған. "Еуразия" телеарнасындағы "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі болды. Әнші "Шабыт" және "Жаһан дала" бас жүлдесінің иегері. Аша 2015 жылдың қыркүйегінде "Mysterions" тобының солисі Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шыққан болатын. Қазіргі кезде өнерлі жұптың екі қызы бар.