Әшімбаев заңдардың қазақ тіліндегі мәтініне қатысты пікір білдірді

0
510

Заң бойынша сұрақ қою кезінде депутат Ақылбек Күрішбаев келісімге 2017 жылы Астана қаласында қол қойылғанын айтып, заң жоба неге көп қаралғанын сұрады.


Әшімбаев заңдардың қазақ тіліндегі мәтініне қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов таныстырды, деп жазады baq.kz.

Заң бойынша сұрақ қою кезінде депутат Ақылбек Күрішбаев келісімге 2017 жылы Астана қаласында қол қойылғанын айтып, заң жоба неге көп қаралғанын сұрады.

Тимур Жақсылықов бұл сұраққа ресми тілде жауап берді.

Мәжілісте ратификациялық процедуралар кезінде келісімнің қазақша нұсқасында келіспеушіліктер туындады. Редакциялық түзетулерді АҚШ елшілігімен бірлесе жөндеуге тура келді. Сол себепті уақыт кейінге шегерілді, - деді Жақсылықов.

Күрішбаев мұндай жауапты есту «сізге де, бізге де ұят. Бұл мәселені шешу керегін» айтты.

Өз кезегінде Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықаралық келісімдердің қазақша мәтіні мәселесі осыған дейін де көтерілгенін айтты.

Қазақ тіліндегі әртүрлі мәтінге қатысты сұрақтар туындайтыны жасырын емес. Сыртқы істер өкілімен бұл мәселені шешіп жатырмыз. Қазақ тіліндегі мәтіндер тиісті деңгейде дайындау туралы өз уәдесін берген болатын Сондықтан мұндайға жол бермей, қазақ тілі мен өзге тілдегі келісімдердің мәтінінде айырмашылық болмайды деген үміттеміз, - деді Әшімбаев.