Әшімбаев жаңа үш облыстан депутат сайланатынын мәлімдеді

0
471

​Бірақ сенат кеңеймейді, өйткені президенттің квотасы 15-тен 10-ға дейін қысқарып жатыр.


Әшімбаев жаңа үш облыстан депутат сайланатынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта жаңадан құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облысынан депутат сайланатынын жеткізді, деп жазады sputnik.kz.

"Әрине, жаңа облыс құрылғаннан кейін ол жерден депутаттар сайланады. Сендерден депутат сайланбасын деп отыра алмаймыз ғой. Әділетті болмайды, сосын заңға қайшы. Сондықтан ол облыстардан да сенаторлар келеді. Бірақ сенаткеңейеді деп қабылдамаңыздар. Өйткені президенттің квотасы 15-тен 10-ға дейін қысқарып жатыр", - деді Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда сенат төрағасы мәжілістегі Қазақстан халқы ассамблеясының квотасы да қысқартылатынын еске салды.
"Жалпы, ең басты мәселе, сенат пен мәжіліс өзінің функцияларын жүзеге асыруы керек. Халық сенуі керек. Иә, біздің жұмысымыздың жетілдіретін тұстары бар. Оны білеміз, осы бағытта жұмыс істейміз ", - деп түйіндеді Әшімбаев.