АШМ жемқорлық тәуекелдері жоғары онға жуық субсидияны жояды

0
517

Субсидиялау қағидаларының барлық жаңа жобасы мемлекеттік органда келісу рәсімінен өтіп жатыр.


АШМ жемқорлық тәуекелдері жоғары онға жуық субсидияны жояды

ERNUR.KZ. АШМ жемқорлық тәуекелдері жоғары 10-ға жуық субсидияны жояды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек министрліктің алқа отырысында айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Вице-министр сүтке, құс етіне және жұмыртқаға тауарлық спецификалық субсидиялар бойынша нормативтер өзгеріссіз қалатынын айтты.

«Жалпы тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады. Сондай-ақ ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің қарсы міндеттемелерін алу нормасы енгізіледі. Негізгі мемлекеттік-ақпараттық базалармен интеграцияланған субсидиялардың тегін, мемлекеттік-ақпараттық жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ субсидиялардың қолжетімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге күту парағы енгізілді», - деді ол.

Тамабек атағандай, субсидиялау қағидаларының барлық жаңа жобасы мемлкеттік органда келісу рәсімінен өтіп жатыр. Ол жақын арада бекітіледі.