Ашуланамын деп әйелін өлтіріп алды

0
1 030

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде


Ашуланамын деп әйелін өлтіріп алды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында күйеуі өз әйелін өлтіріп тастады, деп жазады sn.kz.

3 қазанда Шахан ауылында өз үйінде 33 жастағы әйелдің мәйіті табылған болатын.

Қылмыскерді іздестіру барысында жәбірленушінің 40 жастағы күйеуі ұсталды. Айыпталушы өз қылмысын мойындады. Отбасылық жанжал кезінде ашуға берілген ол әйелін соққыға жыққан. Артынша оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі кезде айыпталушы уақытша қамау изоляторына қамалды. «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу