​Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

0
903

Еңбек министрлігіyt жұмыспен қамтудың жаңа жол картасын қабылдауды тапсырды.


​Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бірқатар министрлер мен әкімдерге нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдаудың жаңа шаралары 200 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

«Ұлттық экономика, Еңбек, Ауыл шаруашылығы министрліктері үш күн мерзімде салалық мемлекеттік бағдарламаларға тиісті өзгерістер енгізу бойынша қаулы жобаларын тәртіппен енгізсін. Әкімдерге өнеркәсіп орындарымен жұмыс орындарын сақтау бойынша арнайы жұмыс жүргізуді тапсырамын», - деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысының атап өтуінше, жалпы кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдаудың жаңа шаралары 200 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
«Еңбек министрлігі жұмыспен қамтудың жаңа жол картасын қабылдауды қамтамасыз етсін», - деді Премьер-Министр.