Асқар Жұмағалиев өз отставкасына қатысты ойын білдірді

0
788

Бұрынғы министр әлеуметтік желіде барынша ашық болуға тырысқанын жеткізді.


Асқар Жұмағалиев өз отставкасына қатысты ойын білдірді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі экс-министрі Асқар Жұмағалиев әріптестеріне алғыс білдіріп, жаңа министрге сәттілік тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Жұмағалиев өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Мені бұл лауазымға тағайындағанда құттықтау көп болды, ал кеткен кезде қолдаушылардың одан да көп екенін көріп, таңғалып отырмын. Телефон соғып, хабарлама жазып басымыздан кешкен оқиғаларды есіме салып жатыр, өте ризамын.
Бәріміз нәтижелі жұмыс істедік деп ойлаймын. Мен министрлік ұжымының, ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің бар ынта-жігерімен жұмыс істегеніне куә болдым. Оларға әрбір қызметті цифрлау үшін, қазақстандықтардың өмірін жеңілдетудегі күш салғаныны үшін басымды иіп, зор алғысымды білдіремін", - деп жазды Жұмағалиев.